2021 жылдың мамыр айының 13-і күні мектебімізде 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша түрлі сайыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, сайыс додаларында оза шауып бəйге алған оқушыларымызға арналған мектепішілік "Жұлдыздар шеруі-2021" атты шарасы өткізілді. Шара барысында мектебімізді биік белестерді бағындырып, жеңімпаз атанған дарынды да, талантты оқушылар марапатталды. 
Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!