2021 жылдың сәуір айының 26-30 күндері аралығында "Біз болашаққа жауаптымыз" экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы ұйымдастырылды. Апталық мақсаты: адамның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Апталық аясында 1-11 сынып оқушылары арасында сурет байқаулары, фотоконкурстар, қолөнер байқауы, мақалалар мен рефераттар көрмесі ұйымдастырылып,  оқушылар марапатталды.