ІҮ республикалық "Қадыр оқулары" байқауының жеңімпазымен кездесу кеші

 

2021 жылдың сәуір айының 30-ы күні  мектеп оқушыларына ІҮ республикалық «Қадыр оқулары» байқауында «Сөзім барда – өзім бар» мәнерлеп жатқа оқу номинациясында І орынға ие болған   мектебіміздің 5-сынып оқушысы Сарқұл Айасылмен және жетекшілерімен кездесу шарасы ұйымдастырылды.

 

Кездесу барысында Айасылға және  бастауыш сынып мұғалімі Т.Омарова мен жетекшісі А.Сарсенгалиеваға мектеп директорының алғыс хаты табыс етіліп, оқушылар сұрақтар қойып, тілектерін білдірді.

 

Қадыр ақынның 100 өлеңін жатқа оқып, жүрегің «Елім, жерім, қазағымның қасиетті қара өлеңі» деп соққан Айасылға талабыңа нұржаусын, болашағың жарқын болсын демекпіз!