Жаңалықтар

2018 жылдың 12 желтоқсан күні  Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің кураторлары  5-7 сынып оқушыларымен бірлесе Отансүйгіштікке, қайырымды болуға, мейірбандыққа тәрбиелеу, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату, адамгершілік рухани құндылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Қуаныш керуені» әлеуметтік жобасы аясында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Сырым ауданының «Психологиялық –педагогикалық түзету кабинеті» мекемесіндегі ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға шаттық сыйлау мақсатында арнайы 5-7 сынып оқушыларының  ата-аналарының  қолдауымен  дайындаған тағам және қол өнер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, түскен қаражат 15 000 теңге ақшалай  көмек мекемеге табысталды.

2018 жылдың желтоқсан айының 6-7 күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтіп, жүлделі орындарға ие болған оқушылар  тізімі

2018 жылдың желтоқсан айының 04-і күні «Қосымша білім беру ұйымдарына-100» толуына орай мектебімізде «Тәрбие және білім» атты шарасы өткізілді. Шараға ауданымыздағы қосымша білім беру орталықтары, яғни «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы», «Балалар саз мектебі», «Жас туристер станциясы» қатысты.  Шара барысында мектеп директоры қосымша білім беру ұйымдарына 100 жыл толуымен құттықтап, қосымша білім беру педагогтарын алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, «Біз  біргеміз» атты тренингісі, флешмоб, «Көңілді старт» эстафеталық жарысы өткізіліп, мектеп мұражайы  таныстырылды.

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау ортылығының қолдауымен «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен республикалық байқау қорытындысы:

2018 жылдың қараша айының 23-і ерекше білімді қажет ететін бала тұлғасын тиімді дамыту және оны қоғамда бейімдеу, ой-қиялын дамыту, өлкенің табиғатын сүюге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Шексіз әлем балалар көзімен» аудандық байқауының «Хэнд-мейд-өз қолыңмен жасалған ғажайыптар» номинациясы бойынша 5 «а» сынып оқушысы Ниязова Диана жүлделі І орынға ие болды (Зейнуллина Г), сурет номинациясы бойынша 5-сынып оқушысы Опағали Тұрарбек алғыс хатқа ие болды (Беленова Р.Ж).

«Менің таңдауым» атты іс –шара аясында 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген сырттай байқауда 9 «а» сынып оқушысы Габдуллин Нұркелді «Жас этнограф» бағыты бойынша І орынға (жетекшісі М.ҚАрыстанов), 11 «а» сынып оқушысы Берсебаева Жанат «Үздік ерікті» бағыты бойынша І орынға (жетекшісі А.С.Жакенова) ие болды.