Жаңалықтар

2019 жылдың қаңтар айының 17-і күні жалпы білім беретін республикалық  пәндер олимпидасының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болған дарынды да, талантты

2019 жылдың қаңтар айының 28-і күні мектеп оқушылары арасында ғылыми-практикалық конференция өткізілді

2019 жылдың қаңтар айының 15-і күні 3-4 сынып оқушылары арасында қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша мектепішілік олимпиада ұйымдастырылды

2018 жылдың желтоқсан айының 19-ы күні «Қазақстан Республикасында дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау» жол картасына сай республикалық, халықарарлық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарымен облыс әкімі А.С.Көлгіновпен «Ақжайық жас дарыны» кездесуі өткізілді. Форумға мектебіміздің мақтаныштары, яғни жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы Закина Альбина, «Былғары доп» мектеп лигасының күміс жүлдегірлері Балмуратов Радмир, Утекешов Мирхат, Жолдығали Дәрмен, Магалимов Ерболат, Болат Фархат, Шайхиев Азиз, Сейтказиев Алихан, Есқаир Әлихан, Есмағұл Дәурен, Еркін Руслан облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, дарынды оқушыларымыздың жетекшілері дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Е.Н.Чукуров пен құқық негіздері пәнінің мұғалімі Г.М.Нугманова Алғыс  хаттарға ие болды.

2018 жылдың желтоқсан айының 18-і күні жастар мәдениет үйінде «Танылмаған талант 2018» жобасының финалы өтті. Үздік аспап орындаушы аталымы жеңімпазы болып мектебіміздің 10 «б» сынып оқушысы Садыкова Альмира танылды. Шешім шығарып қазылық еткен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, облыстық халық шығармашылық орталығының бөлім басшысы Есенгелді Молдағалиев. Жетекшісі: Балалар саз мектебінің фортепиано сыныбының оқытушысы Бисенгалиева Асель Амангельдиевна.