Жаңалықтар

2019 жылдың ақпан айының 16-ы күні жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында мектепішілік Абай оқулары өткізілді. Мақсаты: қазақтың бас ақыны, ұлы дана, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау. Сайыс 3 бөлімнен тұрды. 1) «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу), 2) «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндерін, күйлерін орындау), 3) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы. Аталған сайысқа бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысты. Сайысқа қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, жаттаған өлеңдерінің санына және сахна әдебіне баса назар аударылды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық деңгейде «Менің атам/әжем-белсенді зейнеткер» эссе байқауына мектебіміздің 9 «г» сынып оқушысы Токынова Томирис қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Сырым аудандық бірыңғай жинақтаушы қорының жетекші маманы Джубаниязова Гүлзайда Төлеуғалиқызы Томириске диплом табыстап, кітап дүкеніне сертификат табыс етті. Сондай-ақ, жеңімпаздың эссесі «Дружные ребята» атты республикалық газетке және «PRO ЕНПФ» корпоративтік журналына жарияланатынын атап өтті.