Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің кітапханасында  2017 жылдың 16 желтоқсанында  Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік –Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмеге шолу жасалды. 

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік –ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.  Сондықтанда біз үшін Тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін  жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Кітапхана меңгерушісі С. Кабесова  оқырмандарды көрмемен таныстырды.

Көрмеге 9 сынып оқушылары қатысты. оқырмандар саны- 20.

 

 

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп кітапханасында

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  «Дара тұлға, Дана тұлға» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Көрменің мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.  Көрмеге Елбасының кітаптарымен , суреттері қойылды. 

 

 

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп кітапханасында

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  «Дара тұлға, Дана тұлға» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Көрменің мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.  Көрмеге Елбасының кітаптарымен , суреттері қойылды. 

 

 

 

 

 

«Кітапты тап»,  «Найди книгу» ойыны кітапхананың ішінен оқырман берілген әдеби шығарманың мазмұны арқылы авторды табу керек бұл ойынға көпшілік оқырман қатысты. Осы аталған шаралардың қорытындысы бойынша сыныптар дипломмен марапатталды.

 

 

 

 

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп кітапханасында жаппай саяси қуғын – сүргіннен зардап шеккендерді еске алу мақсатында «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты тарихи сағат өткізілді.

Мақсаты: Қазақ халқының ауыр қасіреті болған 1937 жылдың сұрапыл зұлматты зардабы мен салдары қандай болғандығын, репрессия салдарынан қазаға ұшыраған «алаш» арыстарының көрген қиыншылықтары мен өмір жолдарынан үзінділер келтіріліп, оқырмандарға патриоттық тәрбие беру.   Азалы  тарихқа бас ие отырып, оқырмандардың бойында еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

1993 жылы 14 сәуір жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР заңы қабылданды. 1997 жыл- ҚР Президенті осы жылды  Жалпыұлттық  татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы жеп жариялап, сол жылдан бері қарай 31 мамыр саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. 

 

 

 

 

Осы аталған шараға қатынасқан 8-9 сынып оқушылары жерлес ақынымыз Махмет Қажияхметовтың  «Еске аламыз мәңгілік» атты өлеңін, ақын Темірхан Медетбектің «Қуғын сүргін заманы» өлеңін және қуғын –сүргінге ұшыраған қоғам қайраткерлерінің слайды мен кітап көрмелері ұйымдастырылды.  Жалпы қатысқан оқырман саны -23

 

 

 

 

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап- тарих, шежіре!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!  Мәдениеттің ежелден келе жатқан өзекті тарауының бірі –кітап. Кітап – адамзат ақыл-ойынның інжу маржанын ғасырдан ғасырға жалғап келе жатқан ғажайып құрал. Мәдениеттің өзге түрлері-архитектура, музыка, бейнелеу өнерлерімен салыстырғанда кітаптың өмір көрінісін қамту мүмкіндігі мол.  Кітап өмірді түгел суреттейді. Сондықтан оны өзі тудырған қоғамның айнасына теңесек артық болмайды.

Бүгінгі шарада  Алаш қайраткерлерінің бірі ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров  қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын-жазушылар көші Сұлтанмахмұт Торайғыровтан басталады.  С. Торайғыорв –халқымыздың ой тілегін білдіріп,көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат-мақсатын, арман-аңсарын жырға қосты. Шараға 8 сынып оқушылары қатысып ақынның «Шығамын тірі болсам адам болып», «Алаш ұраны», «Шәкірт ойы», «Туған жер»өлеңдерін жатқа оқып берді. Оқырман саны-18.

 

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп кітапханасында

2 сәуір Балалар кітабы күніне орай «Кітапхананың озық оқырманы»  атты сайыс кеші өткізілді. Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы –кітап екенін бәріміз жақсы білеміз.  Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен, атқаратын қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады. Оқырмандарға басшылық жасаудың бір әдісі- оқырман формуляры. Бұған оқырманның алған кітаптарының бәріне талдау жасаймыз. Осылай біз «Кітапхананың озық оқырманын» анықтап сайыс өткіздік. Өткізген шара өз мақсатына жетті.  7-8 сынып оқышылары қатысты. Оқырман саны -28.

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте «Денсаулық –мол байлық» атты зияткерлік сайыс өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың қозғалыс шапшандығын, ептілігін дамыту және алға қойған мақсатына жету тәрбиелеу, зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Сайыс негізінен 5 бөлімнен тұрды.

  1. бөлім: «Сәлем берем халқыма»  Әр топ өзінің ұранымен, топ атымен таныстырады.
  2. бөлім: «Көңілді старт» Бұл ойында допты аяқтарына қыстырып белгіленген жерге жетеді. Келесі ойыншыға жеткізу қажет.
  3. бөлім: «Доп тасу» Бірінші ойыншы үш баскетбол добын қолына қысып жүгіріп, межелі орынға апарып қояды, екінші ойыншы жүгіріп барып доптарды алып келіп, үшінші ойыншыға береді. Ойын осылый жалғаса береді.
  4. бөлім: «Шарды алып жүгіру» Бірінші ойыншы теннис ракеткасымен теннис шарын шекіп алып жүріп, белгілі бір жерге қойып кетеді, екінші ойыншы жүгіріп барып алып қайтады да үшінші кісіге береді. Ойын осылай жалғаса береді.
  5. бөлім «Арқан тартыс» топтар өзара тартысады, топ мүшелері түгел қатысуы керек.

Осы аталған бөлімдер бойынша, сайыс өз мәресіне жетті. Осы шараға оқушылар өз атаналарымен бірге сайысқа түсті. Сайыс өте қызықта тартысты өтті.                                              

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп , аудандық Мұқадес Есламғалиұлы атындағы кітапханамен бірлесіп «Желтоқсан оқиғасы» атты әдеби танымдық кеш өткізілді.

Жалпы шараға тоқталатын болсақ,  Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталап қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болды. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді.  Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Лаззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік күні еді.

Көптеген ақындарымыздың  сонын ішінде Оразақын Асқардың «Желтоқсан», Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын», Б. Үсенбавтың «Тәуелсіздік туралы  жыр» атты өлеңдерін 9 сынып оқушылары мәнерлеп жатқа айтып берді.                                      

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп кітапханасы Алаш арыстарының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың «Алты алаштың айбыны» атты кітап көрмеге шолу жасалды.

Бар ғұмырын ұлтының болашақ бақыты үшін «Жаным – арымның садағасы» деп бел шешіп күрескен, сол жолджа бойындағы күш-қайраты мен ақыл-ойын, білім- парасатын аямаған көрнекті қоғам және мемелекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Ол  - ұлт азаттық қозғалысының негізін салушы, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің  алғашқы төрағасы.

Жалпы оқырман қауым Алаштың арыстарын білу қажет, сол мақсатта мектеп кітапханасы кітап көрме жасақтап көпшілік қауымға таныстырдық.

8 сынып оқушылары қатысты. Оқырман саны-19.

 

 

 

 

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің кітапханасында Елордамыз Астанаға 20 жыл толуына орай «Астана болашақтың қаласы» атты кітап көрме жасақталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақмоланы Қазақстан астанасы етіп жариялау туралы 1997 жылғы 20 қазандағы жарлығымен, 1998 жылдан бастап Астанаға көше бастады. Кітап көрмеге 5-6 сынып оқушылары қатысты. Оқырман саны 12.

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің кітапханасында

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабыны кітабына көрме ұйымдастырылып, жалпы көпшілік қауымға таныстырылды.

Бұл Елбасымыздың кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы  сын – қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән- мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты – елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең өркенді 30 мемлекеттің қатарына қосу.

«Тәуелсіздік дәуірі» екі тілде жарық көрген,  отандық және шетелдік оқырман қауымға арналған. Сонымен қатар осы кітаптың мазмұнын оқи отырып, 9 сынып оқушылары  Елбасының кітабынан қысқаша тоқталып, шағын өз ойларымен эссе жазды. Сонымен қатар «Тәуелсіздік дәуірі» атты папка жиднақталды.  Жалпы қатысқан оқырман саны 25.

 

 

 

 

 

 

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің кітапханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі Балалардың Құқықтарын қорғау комитеті, «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық, білім беру және сауықтыру орталығынан Елбасы Н.Назарбаевтың  «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту » бағдарламалық мақаласы мен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын байланыстыра отырып, кітапханамызда «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыбында  кітап көрмесін ұйымдастырдық.  Сонымен қатар ата-аналармен  рухани-адамгершілік  бағытында ауызша журнал өткізіліп және Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Зукан Ораковна 6 сынып оқушыларымен «Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар» туралы өткізді. Мектеп кітапханасы «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты папка жинақтап, оның ішіне Елбасы Н.Назарбаевтың және де Сара Назарбаеваның дәйексөздерімен, ғұламалардың айтқан астарлы әңгімелерімен толықтырылды.

Заманымыздың гуманист –педагогі Шалва Амонашвили әр адамға рух батыры болуға ұмтылу керек дейді. Адамның рухани өсіп, дамуы оның өзінің күнделікті өмірінде мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтармен үйлесімдікте өмір сүрген кезінде орын алады. Руханилық дегеніміз- бұл терең адамгершілік. Руханилық  - бұл адамдардың қарым-қатынастарында көрініс тапқан адалдық, қайырымдылық, даналық, риясыз махаббат. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам адамгершілігінің негізі қайда? Бұл сұрақ әлемнің көптеген ойшылдарын, оның ішінде шығыс философтары мен ағартушыларын ерте кезден бастап-ақ толғандырған. Өткен заманның әрбір философ-ғалымы ақиқатқа жетуде өзінің жолын ұстады, бірақ олардың барлығын  біріктірген бір ғана мақсат –бақытқа жету жолын көрсету болды. Олар ақиқат пен бақытты адамның рухани өзін-өзі жетілдіруінің негізгі деп білді.

Бүгінгі өткізген шараларымыз өте әсерлі оқушыларымызға ұнады.                 

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп кітапханасы 5 қаңтар ақын әрі жазушы Қадыр Мырза Әлиді еске алу бағытында «Болу үшін жаралғам  туған жердің жырауы...» атты кітап көрме жасақталды.

Академик Зейнолла Қабдолов «.....қазақ поэзиясына өткен ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса – бірі, біреу болса –өзі-Қадыр Мырзалиев. Ол бүгінде бүкіл елі- туған халқы тұтастанцыған қадірлі дана Қадырға айналды»- деп керемет теңеу айтқан еді. Қазіргі таңда ақынның өлеңдерін білмейтін адам кемде кем шығар. Қадыр ақынды оқи бересің, ойлана түсесің. Кітап көрмені тамашалап келген оқырмандар ақынның «Диктант», «Мектеп», «Ұлы махаббат» және мазақтамаларын жатқа айтып берді.  Әртүрлі оқырман тобы, қатысқаны 23.

 

 

 

 

ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінде 2018 жылғы 1-12 маусым аралығында еліміздің барлық өңірлерінде де 13-інші «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтті. Аталған науқан «Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз»  ұранымен өткізілді. Мектебімізде балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында , мектеп жанындағы лагерь балаларына мектеп кітапханасы «Бала еңбегін жою» атты кітап көрме ұйымдастырды. Көрмеде әрбір бала өзінің жасына, денсаулығына және қажеттеріне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы. Баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, әрбір баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесін алуға құқығы бар.Баланың ауыр қара жұмысқа, зиянды және еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.

Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына және өсіп жетілуіне оңтайлы, баланың дене бітіміне, имандылығына және психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар.

Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джумашева Данаүл Талғатқызы  бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметі мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары қамтамасыз ететіні туралы оқушыларға толықтай мәлімет берді. Әрбір бала өз құқықтары мен міндеттерін біліп жүрсе, қиындықтарға тап болмайтыны сөзсіз екенін атап өтті!

 

 

 

 

 Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің кітапханасында маусым айының 8-і күні Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай, мектебіміздің жазғы демалыс лагерінің оқушыларымен «Жайнай бер, жарқырай бер, жас Астана» атты әдеби кеш өткізілді.  Сонымен қатар «Астана болашақтың қаласы»  атты кітап көрмеге шолу жасалды.

Бүгінгі кешке қатысқан оқушыларға Астана туралы мағлұматтар кеңінен берілді. Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезеңдердің бірі-Астанамыздың Сарыарқа төсіне қоныстануы болды. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен мақсаттарды алға қойды.  Елбасымыздың Елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясы ешбір кедергіге, кейбіреулердің күдіктеріне қарамастан іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Астана 20 жылдың ішінде әлемге танылды.

Бүгінгі шарада оқушыларымызға сұрақтар берілді, оның ішінде ғимараттардың атауын және де сол ғимараттардың биіктігін табу болды. Кеш соңында оқушылармен «Көршісін тап» ойыны ойнатылды. Бұл ойында берілген сөздерден орналасу тәртібімен сөйлем құрастырды. Оқушылар әдеби кешке өте белсене қатысып, керемет жауап берді.