19.11.19 куни 5 «А», «Б», «В» сыныптар арасында «Өз құқықтарыңды білмесең, олардың қорғалуын талап ете алмайсың» атты интеллектуалды сайыс-ойыны өтті.

Мақсаты: 1.Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру. Өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру. Заңдарды сыйлап,өз құқығын қорғауға тәрбиелеу. Сайыс бірнеше бөлімдерден тұрды:

  1. Үй тапсырмасы,Таныстыру
  2. Сұрақ жауап кезеңі. Әр сыныпқа 3 сұрақтан беріледі.
  3. «Салыстыру: тәртіпті бала-тәртіпсіз бала» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар тәртіпті бала - тәртіпсіз баланы салыстырып, сурет салады және қорғайды.
  4. «Суретке тіл бітсе…» Сайыскеріміз суретке қарап, әңгіме құрастырады.

Үй жұмысы ретінде оқушыларға «тәртіпті бала – тәртіпсіз бала» тақырыпта сурет салып келуге берілді.

Өткізген кураторлар: Хабиева А.Б, Утекешова Н.С.