15 қараша күні 8 «А» сыныбына «Заңдар әлеміне саяхат» тақырыбында куратор сағатын өткіздім.

Мақсаты:

  • Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
  • Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
  • Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
  • Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
  • Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.

Куратор сағатында бала тәрбиесіне байланысты тәжірибе жасап оқушылар өз ойларымен бөлісіп соңында өзім түйін жасадым. Сыныпты 3 топқа бөліп І –топ “Бала құқығы- асыл қазына” деп аталады, бұл топтың оқушылары Баланың қандай құқықтары бар деп ойлайсыңдар? Өз құқықтарыңды қалай пайдаланып жүрсіңдер?

ІІ–топ -“Құқық – әділет пен парасат жолы” тобы өз шығармашылық өнерлерімен құқық әлемінен көріністер, өлең жолдарын немесе құқыққа байланысты қанатты сөздер, мақал - мәтелдер айтып өнерлерін ортаға салады.
ІІІ –топ “Құқықтық сауаттылық – заман талабы ” бұл топтың негізгі міндеті- Бақытты бала қандай болады? Сен өзіңді бақыттымын деп санайсың ба? Оқушылар жасаған  жұмыстарын қорғады.