2019 жылдың  7-20   қараша аралығында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30  жылдығы мен ратификациялауының  25 жылдығын мерекелеу  аясында   14 қараша күні « Мейірімді алақан»  атты акция өтті.

Акцияның  мақсаты: оқушының  өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу және адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу. Мектебіміздің 2 «в»сынып оқушысы Есенғали Мирханды сыныпқа шақырып, ең алдымен  «Сәлемдесу»тренингін өткізіліп, сыныптастары өздерінің дайындаған арнайы тілектерін  тілеп құттықтаулар айтылды. Түрлі бағытта ойындар ойнатылды. Атап айтар болсам «Қоңырау қайдан естіледі», «ай мен күн», «жаңбырлар» т.б.  Мирханның да, сынып оқушыларына көтеріңкі көңіл – күй сыйладық.