Тәрбие жұмысының есебі

2019 жылдың  7-20   қараша аралығында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30  жылдығы мен ратификациялауының  25 жылдығын мерекелеу  аясында   12 қараша күні      « Жылы жүрек»  атты акция өтті.

11 қараша  күні 6 «А» сыныбына «Заңдар әлеміне саяхат» атты куратор сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

06 наурыз күні «Жас Қыран» ұйымының оқушыларына халық аралық әйелдер мерекесіне орай 2 сыныптардың қыздар арасында «Кішкентай ханшайымдар» сайысы ұйымдастырылды.

1 наурыз күні алғыс айту күніне орай 8 «Г» сынып оқушылары өз мектебіндегі оқушыларына  және ұстаздарына ризашылығын білдіру үшін «Алғыс печеньелері» тақырыбында акциясын өткізді.