Тәрбие жұмысының есебі

24 қазан күні ұзақ үзіліс кезінде «Рухани жаңғыру – табысты болуымыздың кепілі» тақырыбында Сырым ауданы тарихына қатысты бейнеролик көрсетілді.

15 қыркүйек-7 қараша аралығында  облыстық Ж.Молдағалиев атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен «Менің жанұямдағы – ұлттық мұра» байқауына    8 сынып оқушысы Габдуллин Нұркелдінің  жасаған жұмысы қатысты.

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп кітапханасы оқушыларға Елбасының Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында тақырыптық кітап көрме ұйымдастырды.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Азаттық таңын ансаған Алаш арыстары» тақырыбында 15 қыркүйек күні аудан орталығы Жымпитыда Мәдениет үйінде өткізілді.

6 қыркүйек  күні өткен аудандық ғылыми жобалар байқауында өлкетану және тарих бағыты секциясы бойынша 11 сынып оқушылары Ізбасар Әдемі «С.Сейфуллиннің Жымпиты уезіне сапары», Хамидуллин Дамир «Бостандықтың жасыл туы», Ұлықпанова Әсем «Меншік құқығы» тақырыптарындағы жұмыстарын сәтті қорғап, облыстық кезеңге жолдама алды.

02 қыркүйек Білім күні «Сыңғырла күміс қоңырау» салтанатты жиынымен таңғы сағат 09.15-те басталды.