Тәрбие жұмысының есебі

Қазан айының ІІ аптасында мектеп психологы З.Сукбаеваның ұйымдастыруымен Сауалнама: «Діни экстримизм туралы не білеміз?» тақырыбында өткізілді. (7-8 сынып)

25-30 қыркүйек күндері аралығынада Еңбек күніне арналған тәрбие сағаттары: 1-4 сыныптарға «Еңбек түбі – береке», 5-7 сыныптарға «Еңбек бәрің де жеңбек», 8-11 сыныптарға «Әлемнің әміршісі еңбек» тақырыптарында өткізілді.

Ұстазтар күніне арнап 2 қазан күні «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларымен 11 сынып оқушылары «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты тақырыбында ұстаздарға мемлекеттік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай «Мемлекеттік тілмен болашаққа» атты концерттік бағдарлама өтті.

9 қыркүйек күні «Денсаулық күні» өткізілді.

4-9 қыркүйек күндері аралығында №1 сынып жиналыстары өткізілді.

2017 жылдың қыркүйек айының 07-і күні мектеп тәлімгері А.Жакеновамен біріге отырып Астана қаласында өткен ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысқан оқушыларға дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстелде    ЭКСПО көрмесіне барған оқушылар  5 «б» сынып оқушыларымен кездесті.