Тәрбие жұмысының есебі

Дүниежүзілік балалар күні (20 қараша) және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған «БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ» атты ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ негізінде 20 қараша күні 9-11 сыныптар арасында «Бала және оның құқығы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

19.11.19 куни 5 «А», «Б», «В» сыныптар арасында «Өз құқықтарыңды білмесең, олардың қорғалуын талап ете алмайсың» атты интеллектуалды сайыс-ойыны өтті.

Дүниежүзілік балалар күні (20 қараша) және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған «БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ» атты ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ негізінде «Менің бақытты балалық шаққа құқығым» тақырыбында 15 қараша күні 4 сыныппен 8 сыныптардың арасында видеоролик түсіріліп әлеуметтік желіге таратылды.

15 қараша күні 8 «А» сыныбына «Заңдар әлеміне саяхат» тақырыбында куратор сағатын өткіздім.

14 қараша күні 8 сыныптар арасында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30  жылдығы мен ратификациялауының  25 жылдығын мерекелеу  аясында «Өз құқықтарыңды білмесең, олардың қорғалуын талап ете алмайсың» тақырыбындағы зияткерлік сайысы өтті.

2019 жылдың  7-20   қараша аралығында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30  жылдығы мен ратификациялауының  25 жылдығын мерекелеу  аясында   14 қараша күні « Мейірімді алақан»  атты акция өтті.

«Қ.Мырзалиев атындағы ЖББ орта мектебі» КММ  13.11.2019ж күні Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенциясы қабылдауының 30 жылдығына орай «Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» тақырыбында  9-10-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді.