Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қажетті бос лауазымдарға  конкурс жариялайды.

  1. Математика пәні мұғалімі – 16 сағат (тұрақты, орыс сыныбына);
  2. Бастауыш сынып мұғалімі – 16 сағат (тұрақты, орыс сыныбына);
  3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары -1 бірлік (тұрақты);
  4. Математика пәні мұғалімі – 16 сағат (қазақ сыныбына, декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына);
  5. Бастауыш сынып мұғалімі – 16 сағат (тұрақты, орыс сыныбына);
  6. Бастауыш сынып мұғалімі – 16 сағат (тұрақты, орыс сыныбына);
  7. Бастауыш сынып мұғалімі – 16 сағат (тұрақты, орыс сыныбына);
  8. Бастауыш сынып мұғалімі – 16 сағат (уақытша, қазақ сыныбына,декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына);
  9. Бастауыш сынып мұғалімі – 16 сағат (уақытша, қазақ сыныбынадекреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына);
  10. Орыс тілі пәні мұғалімі - 16 сағат (тұрақты, орыс сыныптарына);
  11. Ағылшын тілі пәні мұғалімі - 16 сағат (уақытша, декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына);

Негізгі функционалдық міндеттері.  Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығымен айқындалады.

Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика мен психологияны,

     пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,

      оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,

     еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген

құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша 10-қосымшаға қоса берілетінқұжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынғанэлектронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты

мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға

қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту

туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілгеннысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтықактілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесепедагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің

біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бослауазымына кандидаттың толтырылғанБағалау парағы.

 

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орныныңбасшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Өткізілетін орны: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мәжіліс залы.

Қажетті  құжаттар  осы хабарландыру Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  сайтында жарияланған сәттен бастап, жеті жұмыс күні ішінде  2022 жылдың 19 -27 қыркүйеккүндері  мына  мекен-жайға  тапсырылуы тиіс: Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қаратаев көшесі №26

Эл.адрес:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Телефон:8-(71134) 31-1-24; 31-1-59

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімінің «Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қажетті азаматтық қызметшінің бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды.

  1. Инженер-техник – 1 бірлік (тұрақты);
  2. Автокөлік жүргізіп үйретуші – 1 бірлік (тұрақты, В, С категориялары бар);
  3. Іс-қағаз жүргізуші – 1 бірлік (тұрақты);
  4. Кітапхана меңгерушісі – 1 бірлік (уақытша, декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына)
  5. Информатика кабинетінің зертханашысы 1 бірлік (уақытша, декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына).

 

Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі Кодекстің 16-бабының 16) тармақшасына сәйкес Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде мекемеге мына құжаттарды тапсырады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті ;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады .

Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші азаматтардың қажетті құжаттарын қабылдау осы хабарландыру ұйымның және тиісті саланың (жергілікті атқарушы органның) интернет – ресурсында жарияланған сәттен бастап  он бес күнтізбелік күні  ішінде он бес жұмыс күні ішінде  2022 жылдың   қыркүйек  айының 19 -ы мен қазан айының 7-сі күндері  аралығында мына  мекен-жайға  тапсырылуы тиіс:

 Мекен жайы: Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қаратаев көшесі №26

Эл.адрес: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Телефон: 8-(71134) 31-1-24; 31-1-59              («



Аты Жүктеу
1

10-қосымша

2 11-қосымша