«Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп » туралы аннотация.

 

Мектеп 1894 жылы екі жылдық «орыс-қазақ болыстық мектебі» болып құрылды. Алғашқы ұстаз – Матвей Григорьевич Холодилин, екінші мұғалім – Мейірман Бейсенов. Алғаш мектепке 67 оқушы қабылданды, оның 62-сі ер бала, 5-еуі қыз бала.

 

1921 жылы – 4 жылдық мектеп

1928 жылы – 7 жылдық мектеп, 31 мұғалім

1937 жылы – 8 жылдық мектеп

1967 жылдан 10 жылдық мектеп

1989 жылдан 11 жылдық мектеп.

1972 жылдың күзінде ескі мектеп ғимаратынан осы мектепке көшті.

 

2005 жылы мектеп жартылай күрделі жөндеуден өтті. 2013 жылы қалған жартысына жөндеу өткізілді . 2016-2017 оқу жылының басында мектепте 42 класс-комплект, 796 оқушы бар және 5 мектепалды даярлық сыныптарда 121 оқушы тәрбиеленеді. 68 мұғалімдердің 61-сы жоғары білімді, 7-і арнаулы орта білімді, санаты бойынша 23-сы жоғары, 20-і бірінші, 14-і екінші санатты. Оқушылар орта білім алады, сонымен қатар «ВС» категориялы жүргізуші куәлігін алады.

 

Еңбек еткен мұғалімдер: А.Өребаев, И.Букин, Х.Рамазанов, Т.Балпейсов, Х.Дабаров, Х.Жұмағалиев, Н.Хамзин, К.Батыршина, Х.Едгин, Н.Федянин, Б.Федянин, К.Федянин, Б.Төлегулов, А.Рахметов, Ж.Сармаханов, Г.Абульманов, Г.Абруханов және т.б.

 

Өз интеллекттерімен ерекшеленген мектеп оқушылары мен түлектері:

 

1. Ораз Исаев – Қазақ ССР үкіметінің бірінші басшысы (Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы)

1. Хамза Есенжанов – жазушы

1. Жұбан Молдағалиев – ақын

1. Роза Жаманова – әнші

1. Қадыр Мырзалиев – ақын, жазушы

1. Сағынғали Сейітов – жазушы, ақын

Ғалымдар:

1. О.Хабиев – медицина ғылымының профессоры

1. М.Каримов – медицина ғылымының докторы, профессор

1. К.Ахметов – ауыл шаруашылық ғылымының профессоры

1. Р.Каримов – биология ғылымының докторы

1. А.Измуханов – медицина ғылымының докторы

1. Ч.Мусин – тарих ғылымдарының докторы, профессор

1. М.Хасанов – филология ғылымдарының докторы

1. Г.Жұмақаева – физика-математика ғылымының докторы

Мектеп директорлары:

1. Х.Казиев 1920-1926 ж.ж.

2. Г.Ахметов 1927-1929 ж.ж.

3. И.Қобландиев 1931-1932 ж.ж.

4. Н.Айшуақов 1932-1933 ж.ж.

5. Х.Едгин 1934-1936 ж.ж.

6. Х.Жұмағалиев 1937-1941 ж.ж.

7. Х.Рамазанов 1941-1942, 1946-1955 ж.ж.

8. Г.Абуханов 1942-1945 ж.ж.

9. Т.Балпейсов 1945-1946 ж.ж.

10. Г.Алиев 1955-1957 ж.ж. зейнеткер

11. М.Ажгулов 1957-1961 ж.ж. зейнеткер

12. М.Ташаев 1961-1963 ж.ж.

13. А.Ермуханов 1963-1966 ж.ж.

14. Р.Искалиев 1966-1968 ж.ж.

15. М.Кадыров 1969-1983 ж.ж. зейнеткер

16. К.Федянин 1984-1993 ж.ж. зейнеткер

17. Г.Салимгереева 1993-2003 ж.ж. зейнеткер

18. Г.Ергалиева 2003-2011 ж.ж. зейнеткер

19. М.Х.Акбасов 2011 жылының қараша айынан

«Артекте» болған оқушылар:

1. Нургазиев Ерік 1957 ж.

2. Таргенов Өмірзақ 1962 ж.

3. Кубашева Мария 1967 ж.

4. Уралбаева Роза 1968 ж.

5. Юсупова Клара 1971 ж.

6. Кадыров С. 1972 ж.

7. Нысангалиев Е. 1977, 1978 ж.ж.

8. Мергалиева Н. 1979 ж.

9. Жумаев А. 1980 ж.

10. Тажмуханова А. 1982 ж.

11. Бисенгалиев М. 1985 ж.

12. Тоқсанова А. 1988 ж.

13. Мергалиева М. 1991 ж.

Республикалық олимпиада жүлдегерлері

1 1985 ж. - Султаналиева Гульмира

2. 1989 ж. - Жоламанова Айгүл

2 2002 ж. - Унгарбекова Рамина

3 2012 ж. - Муратова Назерке

 

Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қатысқандар:

 

1. 2001 ж. – Тусилова Жумазия

1. 2003 ж. – Гайсина Эльнура

1. 2007 ж. - Бердыгалиева Газиза

1. 2007 ж. - Амангельдина Асем

1. 2008 ж. – Тахамбетова Асем

1. 2012 ж. – Муратов Ақтілек

 

1939 - 2001 жылдарда: 2002-2016 жылдарда:

 

Алтын медаль - 21 «Алтын белгі» - 27

Күміс медаль - 28 Үздік аттестат - 18

Үздік аттестат -12

 

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.Е.Жаксыгереев